Оқиға

Жетісу облысында бірнеше елді мекенді су басты

Қатты нөсер салдарынан Жетісу облысы Ескелді ауданының бірнеше елді мекенінің көшелерін су басты, деп хабарлады Elorda.info

ТЖД мен ЖАО күшімен Қарабұлақ ауылында (2 км) 30 тұрғынды эвакуациялау жүргізілді. Үйлер мен су басқан аумақтардың саны анықталуда.

Көксу ауданы Мәмбет ауылында 5 аула аумағы су астында қалды. Жаңбыр суын бұру жұмыстары жүргізілуде.

Бұл елді мекендер тау бөктеріне жақын орналасқан.

Айта кетейік, Жетісу облысы әкімінің орынбасары Әлібек Жақанбаевтың төрағалығымен жедел штаб құрылды.

-->

Құтқарушылар қолдан келгенше көмек көрсетіп, азаматтарды су басқан аулалардан шығаруда.

Ескелді ауданының Абай ауылында 20-ға жуық аула аумағы су астында қалды. ЖАО күшімен жаңбыр суын бұру жұмыстары жүргізілуде, - деп жазды ведомстводан.