Жетісу облысында қар құрсауында қалған 12 адам құтқарылды
Жетісу облысында қар құрсауында қалған 12 адам құтқарылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы «Сарыөзек-Қарашоқы» тасжолының 25-шақырымында қарға батып қалған жеңіл көлік туралы хабарлама келіп түскен.
Құтқарушылар оқиға орнына аттанып, қар құрсауынан 4 жеңіл көлікті шығарды.
«Барлығы 12 адам аман-есен құтқарылды. Зардап шеккендер жоқ», - деп жазылған хабарламада