Оқиға

Жетісу облысында 2 ірі есірткі зертханасы жойылды

Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік және Полиция департаменттерімен синтетикалық есірткі өндіретін екі жасырын зертхананың жолы кесілді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Заңсыз айналымнан 10 келіден астам «мефедрон», шамамен 5 кг сұйықтық (кристалдану процесінде), 200 литр прекурсорлар, электронды таразылар, синтетикалық есірткі өндіру нұсқаулары бар дәптер, сұйықтық құйылған канистрлер, сондай-ақ «синтетик» өндіруге арналған құрылғылар тәркіленді, - делінген хабарламада.

Соттың санкциясымен 5 адам қамауға алынды, оның 2-еуі шетел азаматтары.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жария етілмейді.