Оқиға

«Жерден қанды көрдім»: учаскелік полицей Шерзат көз жұмған түн туралы айтты

Шерзат Полаттың өліміне қатысты айыптау жөніндегі іс бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Сот отырысында куәгер, Талғар аудандық полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкері Жәнібек Әмірақын жауап берді.

Жәнібек Әмірақын айыпталушы Дархан Әскентаймен бір сыныпта оқығанын және өзге айыпталушыларды танымайтынын айтты.

Мемлекеттік айыпталушы куәгерден оқиға күні туралы толық айтып беруді сұрады.

«4 қазан күні түнгі 00:42 шамасында жедел кезекшінің нұсқауы бойынша Талғар қаласы Менделеев көшесінде төбелес болып жатыр деген хабарлама түсті. Сол жерге 7-8 минут аралығында бардым. Барған  уақытта 1 топ адамдар жүрді.  Жолда тұрған көлікті көрдім. Жерден қанды көрдім. Одан кейін сол жердегі адамдардан сұрау арқылы бір баланын пышықталғанын естідім. Ол баланы әкесі ауруханаға алып кетті деді. Кезекші бөлімге барлығын айтып бердім»,- деді Жәнібек Әмірақын.

Ол әрі қарай көліктерді іздеуге кеткенін айтты.

«Оқиға орнына жедел тергеу тобы келді. Әрі қарай жедел кезекшінің нұсқауымен іздеу жұмыстарына кірістік. Жолда қара «гольф автокөлігін» көрдік. Ішінде ешкім болмады. Сол кезде бір жігітті байқадық, оны ұстадық. Ол Дархан Әскентай болып шықты.  Көзі ісіп кеткен және тау жақта қараңғы болғандықтан оны бірден танымадым. Ішімдіктің иісі шығып тұрды»,- деді Жәнібек Әмірақын.