Оқиға

«Жауаптары сәйкес келмейді»: Шерзаттың анасы сотқа қайта шақырылады

Бүгін Шерзат Полаттың өліміне қатысты айыптау жөніндегі іс бойынша кезекті сот отырысында айыпталушы Дидар Қалиахметтен жауап алынды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Сот отырысында прокурор марқұм Шерзат Полаттың анасы Гүлбара Бишембиева мен айыпталушы Дидар Қалиахметті беттестіру кезіндегі хаттаманы оқыды.

Осыдан кейін айыпталушының қорғаушысы сотқа өтінішхат берді. 

«Жәбірленуші Г.Бишембиева мен Дидар Қалиахмет ортасындағы беттестіру хаттамасына сәйкес, келесі сот отырысына жәбірленуші Г.Бишембиеваны шақыруды сұраймын. Себебі, Г.Бишембиеваның сот отырысында берген жауаптары мен беттестірудегі берген жауаптары бір-біріне сәйкес келмейді. Сондықтан да сот отырысында қайтадан жауап алуды сұраймын»,- деді Дидар Қалиахметтің қорғаушысы. 

Сот бұл өтінішті мақұлдады.