Жамбылда әкімдік қызметкері 500 га жерге қатысты жалған құжат жасаған
Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігінің Жер қатынастары бөлімінің қызметкері ауыл шаруашылығы мақсатындағы 500 га жер учаскелерін беру кезінде қызметтік жалған құжат жасау фактілері анықталды, деп хабарлады Elorda.info
Сонымен бірге конкурс қорытындысы бойынша лауазымды адам учаскелердің орналасқан жері туралы мәліметтерге заңсыз өзгерістер енгізген. Құқық бұзушылық туралы аудандық прокуратураның тексерәсә кезінде белгілі болған.
Аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 369-бабының 1-бөлігі (қызметтік жалғандық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол сотқа жіберілді. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 300 га астам жер учаскелері мемлекетке қайтарылды, - жазды Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Қалғандары бойынша жұмыс жалғастырылуда.