Жамбыл облысында өз баласының бетінен ұрған ер адамға үкім шығарылды
Жамбыл облысында кәмелетке толмаған адамды ұрып-соқты деп айыпталған ер адамға үкім шығарылды, деп хабарлады Elordainfo.kz Жамбыл соттарына сілтеме жасап.
Бұл биыл шілде айында Жаңатас ауылында болды.
«Түні бойы телефон қарап, таңертең уақытында оянбағаны үшін ұлына ашуланып, тәрбиелеу мақсатында оның бетіне ұрған», – деп хабарлады сот.
Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, өкініш білдірді. Ал жәбірленушінің өкілі (баланың анасы) күйеуін кешіретінін айтты.
Сот кінәні мойындауды, шын жүректен өкінуді және жас балалардың болуын жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды.
Сот үкімімен сотталушы К. ҚК 109-1-бабы 2-бөлігінің 8) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 100 сағаттық қоғамдық жұмыстар түрінде жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енді.