Оқиға

Жамбыл облысында 2 500 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды

«Есірткісіз болашақ» жобасын іске асыру аясында Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров Меркі ауданына барып, есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйін тексерді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жергілікті жерде облыстық полиция департаментінің «Дельта-долина» арнайы бөлімшесі мен уәкілетті мемлекеттік органдардың есептері тыңдалып, есірткі қылмысына қарсы күресті күшейту бағыттары айқындалды.

Өткен жылы жабайы қарасора өсетін жер учаскелерінің нақты координаттарын анықтаудың нәтижесінде 1 195 гектар аумақта 1 000 тоннадан астам қарасора шабу және химиялық өңдеу арқылы жойылды.

Биыл оларды жою 4 514 гектар жерден 2 581 тоннаға дейін өсті, ол облыс пен басқа да өңірлерде есірткі таралуының алдын алуға айтарлықтай ықпал етті.

Есірткі қылмыстарының алдын алу тиімділігін арттыру және жазаның бұлтартпастығы қағидатын іске асыру мақсатында облыс прокуратурасымен қосымша ұйымдастырушылық-құқықтық шаралар кешені қабылданды, - делінген хабарламада.