Жағажайда көлікпен «шоу» жасаған жүргізуші жауапқа тартылды (ВИДЕО)
Семейде Range Rover көлігінің жүргізушісі жағажайдағы суды кешіп өтіп, «шоу» жасаған, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жүргізушінің әрекеті видеоға түсіп қалып, әлеуметтік желілерде тез тарады.
Көп ұзамай тәртіп бұзушы анықталып, жауапкершілікке тартылды.
Полиция қызметкерлері жол жүру ережелерін бұзбауға, әсіресе, халық демалатын орындарда, қауіпсіздікке қатер төндіріп, қоршаған ортаға зиян келтірмеуге шақырады.