Оқиға

Жаңаөзенде газ баллоны жарылып, 11 адам зардап шекті

Жаңаөзенде тұрғын үйде жарылыс болып, 11 адам зардап шекті. Бұл туралы  бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Министрліктің мәліметінше, оқиға бүгін Астана уақытымен сағат 5:00-дер шамасында болған.

Жаңаөзен қаласындағы 2-ші шағынауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде газ жарылған. Оқиғаның салдарынан кіреберістің 150 шаршы метрі қираған.

Өрт болған жоқ, (үйдің жалпы ауданы 600 ш.м.). Алдын ала мәлімет бойынша 11 адам зардап шеккен, олар медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Болған оқиғаның себеп - салдары анықталуда.

Маңғыстау облысының ТЖД-сында жедел штаб құрылып, жедел желі телефоны ашылды 8/7292/31-90-99.

-->

Оқиға орнын аршу жұмыстарына Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 50-ден астам құтқарушы, 10 техника, жедел медициналық көмек және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмылдырылды, - делінген хабарламада.