Жаңаөзенде апаттық-құтқару жұмыстары аяқталды
Жаңаөзенде жарылыс болған тұрғын үй аумағындағы барлық апаттық-құтқару және үйінділерді аршу жұмыстары кеше сағат 18:15-те толықтай аяқталды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
Қазіргі уақытта Жаңаөзен қаласының әкімдігінде жарылыстың мән-жайларын анықтаумен және залалдың мөлшерін белгілеумен шұғылданатын комиссия құрылды. Осы комиссия орын алған жарылыстың мән-жайын анықтап, келтірілген залалды анықтайтын болады.
Айта кетейік, 17 сәуірде таңертең қаланың екінші ықшам ауданында көпқабатты үйде газ жарылды. Жарылыс салдарынан тұрғын үйдің кіреберісі талқандалды. Қираған алаң 150 шаршы метрді құрады.
Соңғы мәліметтер бойынша, қаза тапқандар саны төрт адамға жетті.
ТЖМ жарылыстың орын алуына түрткі алдын ала болжамды жариялады.
-->Жаңаөзенде жарылыс болған тұрғын үй аумағындағы барлық апаттық-құтқару және үйінділерді аршу жұмыстары кеше сағат 18:15-те толықтай аяқталды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.