Қызылорда облысында киік ұшасын сақтаған тұрғын ұсталды
Қызылорда облысы полиция департаментінің Жалағаш аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жойылып кету қаупі төніп тұрған киік жануарын сақтап, қылмыстық жолмен пайда тапқысы келген 50 жастағы облыс тұрғыны құрықталды, деп хабарлады Elorda.info.
Күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тексеру барысында 10 киіктің ұшасы, ет және балта айғақ зат ретінде алынды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері басталды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
-->Күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тексеру барысында 10 киіктің ұшасы, ет және балта айғақ зат ретінде алынды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері басталды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.