Қыз зорлады деп айыпталған боксшы Жанқош Тұраров мәлімдеме жасады
Әлеуметтік желіде танымал боксшы Жанқош Тұраров 28 жастағы қызды зорлады деген ақпарат тарады. Осыған қатысты боксшы өзінің Instagram парақшасында мәлімдеме жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«3 қыз өсіріп отырған әкемін. Төсектес қыз керек болса, маған зорламай-ақ келетін жағдайым бар. Қайдан шыққан жала екенін өзім де түсінбей отырмын. Қазір мәселенің мән-жайын анықтап, кім қандай жала жауып отырғанын анықтаймын», - деді жазды Жанқош Тұраров.