Қытай азаматына ірі көлемде айыппұл салынды
Алматы – Көкшетау бағытындағы әуе рейсі бортында болған Қытай азаматына айыппұл салынды, деп хабарлады Elorda.info.
Ол әуе бортында темекі шеккен. Полицейлер әкімшілік құқық бұзушының ҚХР-ның 48 жастағы азаматы екенін анықтады.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, ұшақ ұшып келгеннен кейін Qazaq Air әуекомпаниясының өкілдері құқық бұзған жолаушыны Көкшетау қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлеріне тапсырған.
Аталған факт бойынша шетел азаматына ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабының 1-2-бөлігімен 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.
-->Ол әуе бортында темекі шеккен. Полицейлер әкімшілік құқық бұзушының ҚХР-ның 48 жастағы азаматы екенін анықтады.