Қырғыз Республикасы Қазақстан азаматшасын экстрадициялады
Қазақстанның Бас прокуратурасы аса ірі алаяқтық жасады деп күдікке ілінген Қазақстан азаматшасын Қырғыз Республикасынан экстрадициялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
2023 жылы ол Алматыдағы банкте клиенттердің шоттарына тіркелген абоненттік нөмірлерін өзгертіп, 5 адамның шотынан ақша ұрлаған.
Жәбірленушілерге 230 миллион теңге шығын келген.
Күдікті Бішкек әуежайында ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды.
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.