Қырғыз президенті Садыр Жапаровтың бауыры күдікті ретінде қамауға алынды
Бішкекте Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровтың туысы Ұлан Жапаров ұсталды деп хабарлады Elorda.info 24.kg агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Ақпарат көзінен белгілі болғандай, Ыстықкөл ауданы Кең-Суу ауылының тумасы 32 жастағы Ұлан Жапаров Бішкектегі №1 тергеу изоляторына қамалған.
Артынша Бішкек қаласы Бірінші Май аудандық соты азамат У.Ж.-ның сот қаулысымен 26 шілдеге дейін қамауға алынғанын растады.
Ақпарат көзінің дерегінше, ол Қырғыз Республикасының қазіргі президенті Садыр Жапаровтың ағасы Рақымжан Жапаровтың ұлы.
-->Ақпарат көзінен белгілі болғандай, Ыстықкөл ауданы Кең-Суу ауылының тумасы 32 жастағы Ұлан Жапаров Бішкектегі №1 тергеу изоляторына қамалған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, оған Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің «Сыбайлас жемқорлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Істі Ішкі істер министрлігінің Тергеу қызметі тергеп жатыр, - делінген агенттік таратқан мәліметте.