Оқиға

Қылмыстық жолмен алынған көлік мемлекет кірісіне өтті

Астана қаласының прокуратурасы ұйымдасқан топ құруға және жалған шот-фактураларды шығаруға қатысты қылмыстық іс бойынша мүлікті тәркілеу туралы сотқа дейінгі іс қоғады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Тергеу барысында құны 6 млн теңге болатын, заңсыз қылмыстық жолмен алынған көлік анықталды.

Елорда прокуратурасының өтінішхаты бойынша жоғарыда аталған көлікті сот мемлекет кірісіне тәркіледі.

Сот шешімі заңды күшіне енді.