Оқиға

Қуандық Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжанов рақымшылыққа өтініш берді

Ол 9 шілде күні Степногорск аудандық сотына жүгінген. Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сотталған бауыры Бақытжан Байжанов рақымшылыққа өтініш берді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Сот мәліметінше, Байжанов 9 шілде күні Степногорск аудандық сотына жүгінген.

«Бақытжан Байжанов рақымшылық туралы заңға сәйкес жаза мерзімін қысқарту жөнінде өтініш білдірді. Бұл өтініштің қаралатын күні әлі белгіленген жоқ», – деп хабарлады Жоғарғы сот.

Айта кетерлігі Байжановты бостандыққа шығару емес, тек өтелмеген мерзімнің үштен бір бөлігін қысқарту қарастырылған. Оған төрт жыл жаза тағайындалған. Үкім заңды күшіне енгенге дейінгі және одан кейінгі уақытты ескергенде, ол шамамен жазаның жартысын өтеген. Рақымшылық заңы бойынша қалған мерзімнің үштен бірі – шамамен сегіз ай қысқартылуы мүмкін. Алайда бұл бірден босатылады дегенді білдірмейді – ол жазасын өтеуді жалғастырады, тек мерзімі қысқарады.