Оқиға

Таразда заңсыз жабдықты пайдаланған стоматология қызметін тоқтатты

Таразда заңсыз жабдықты пайдаланған стоматология қызметін тоқттаты, деп хабарлады Elordainfo.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты жеке кәсіпкерге қатысты әкімшілік істі қарады.

Сот анықтағандай, жеке кәсіпкердің стоматология кабинетінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік тізілімінде тіркелмеген медициналық бұйымдар сақталған және пайдаланылған.

«Сотта кәсіпкер өз кінәсін толық мойындады. Тіркелмеген стоматологиялық құралдарды қолдану фактісі сотта хаттамамен, жазбаша түсіндірме, тексеру нәтижелері туралы актімен және істің басқа материалдарымен дәлелденді», - деп жазылған хабарламада.

Медицина нысан иесінің зейнеткерлік жасын, құқық бұзушылықты бірінші рет жасауын, кінәсін мойындауын және өкінуін ескере отырып, сот айыппұл мөлшерін 30%-ға қысқартты.

Сот қаулысымен ол кінәлі деп танылды және оған 550 мың теңге көлемінде айыппұл, 1 ай мерзімге қызметін тоқтата тұру және тіркелмеген медициналық бұйымдарды тәркілеу түрінде жаза қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енді.