Таразда аса ірі мөлшерде есірткі таратқан ақтаулық азамат ұсталды
Оның тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде ұнтақ тәрізді консистенциялық заты бар буылған орамдар тәркіленді, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап.
Сараптама қорытындысына сәйкес, жалпы салмағы 214,9 граммды құрайтын А-PVP синтетикалық есірткі заты анықталды. Ақтаулық азамат арнайы қосымша арқылы есірткіні қоятын орындардың координаттарын хабарлап отыратын жетекшінің нұсқауы бойынша әрекет еткен. Бірінші тапсырманы алғанға дейін ол жасырын орындарға белгі қоюға және фотоесеп жіберуге қашықтықтан оқып, үйренген. Орындалған жұмыс үшін оған криптовалютамен еңбекақы төленген. Құрықтау кезінде күдікті тыйым салынған заттарды қалдырып үлгерген жасырын орындарды көрсетті. Күдік туғызбас үшін ол мекенжайларға жаяу барып жүрген. Ер адам ата-анасының үйінен көшіп кетіп, арнайы жалдамалы пәтерде есірткі заттарын орамдарға буып-түюді жүзеге асырған.
-->Сараптама қорытындысына сәйкес, жалпы салмағы 214,9 граммды құрайтын А-PVP синтетикалық есірткі заты анықталды. Ақтаулық азамат арнайы қосымша арқылы есірткіні қоятын орындардың координаттарын хабарлап отыратын жетекшінің нұсқауы бойынша әрекет еткен. Бірінші тапсырманы алғанға дейін ол жасырын орындарға белгі қоюға және фотоесеп жіберуге қашықтықтан оқып, үйренген. Орындалған жұмыс үшін оған криптовалютамен еңбекақы төленген. Құрықтау кезінде күдікті тыйым салынған заттарды қалдырып үлгерген жасырын орындарды көрсетті. Күдік туғызбас үшін ол мекенжайларға жаяу барып жүрген. Ер адам ата-анасының үйінен көшіп кетіп, арнайы жалдамалы пәтерде есірткі заттарын орамдарға буып-түюді жүзеге асырған.
Күдікті Тараз қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ол Маңғыстау облысының тумасы. 2 жыл бұрын Таразға көшіп келген. Еш жерде жұмыс істемейді. Есірткі құралдарын жеткізумен шамамен 2 ай бұрын айналыса бастаған. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау, тасымалдау) бойынша тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта жедел уәкілдер заңға қайшы әрекеттерге қатысы бар барлық адамдарды анықтау бойынша жұмыс жасап жатыр, – деп атап өтті Жамбыл облыстық ПД ЕҚҚІҚБ бастығы Әлім Бажықбаев.