Тараз бен Алматыда сауда орны өртке оранды
Тараз бен Алматыда сауда орны өртке оранды, деп хабарлады Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тараз қаласында 5 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкен өртенді.
«Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында жалынның таралуына жол берілмеді. Өрттің аумағы 20 ш.м болды, зардап шеккендер жоқ», - делінген министрліктің хабарламасында.
Сонымен қатар Алматының Алатау ауданы Алғабас шағын ауданында сауда үйіндегі бірнеше бутик өртеніп кетті. Өрттің аумағы 70 ш.м, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Мамандар өрттің шығу себептерін анықтап жатыр.