Тараз қаласында судья ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді
Судья сотталушыдан іс жүргізуде қылмыстық іс бойынша бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындағаны үшін ақшалай қаражат алды деген күдікке ілінді, деп хабарлады Elorda.info
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп жүргізген жасырын іс-шаралардың нәтижесінде Тараз қаласының №2 сотының судьясы 2 000 000 теңге сомасында пара алғаны туралы әшкереленді.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
-->Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп жүргізген жасырын іс-шаралардың нәтижесінде Тараз қаласының №2 сотының судьясы 2 000 000 теңге сомасында пара алғаны туралы әшкереленді.
Қылмыстық-процестік кодекстің 550-бабының тәртібімен Қазақстан Республикасының Бас прокуроры сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісім берді,-делінген агентік таратқан хабарламада.