Оқиға

Талдықорған маңында жер сілкінісі болды

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 4 қазанда Астана уақытымен 17 сағат 42 мин жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 209 км жерде орналасқан. 

Сезілетіндігі туралы мәліметтер Жетісу облысы, Текелі қаласы - 2 балл.

Жетісу облысы Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылы - 2 балл.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.