Талдықорған авиациялық базасында әскери қызметші көз жұмды
Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
Тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпараттар жариялауға жатпайды.
Қарулы күштердің қолбасшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.
-->
2023 жылғы 15 тамызда Талдықорған авиациялық базасында жауынгерлік ұшақты ұшуға дайындау кезінде оқ-дәрілердің өздігінен қозғалып кетуі орын алды. Соның салдарынан 2 әскери қызметші зардап шекті. Олардың біреуі алған жарақаттарынан қайтыс болды. Екінші әскери қызметшіге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде, - делінген ведомствоның ресми мәлімдемесінде.