Оқиға

Талғар маңында Шерзат Полаттың ағасы өлі табылды

Алматы облысы Талғар қаласының маңында 30 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, ол 4 қазан күні қайтыс болған Шерзат Полаттың ағасы. Ер адам алдын ала мәлімет бойынша өз-өзіне қол салған.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық жағдайларды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде. Осы кезеңде қылмыстық сипаттағы қандай да бір белгілер анықталмады, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ Полиция департаментінде марқұм Ш.Полаттың отбасы осы уақыт бойы тәртіп сақшыларының қорғауында болғаны хабарланды. Сол күні күзетте болған полиция қызметкерлерінің айутынша, ер адам үйден 23:30-да шығып, өз көлігімен кетіп қалған.