Оқиға

Такси жүргізушісі полиция автокөлігімен соқтығысты (ВИДЕО)

Павлодар облысында такси жүргізушісі жолда ұйықтап кетіп, патрульдік автокөлікке соқтығысты, деп хабарлады Elorda.info.

Автопатрульдің 60 км/сағ жылдамдықпен қозғалғаны анықталды. Шағын жарқырауықтар мен фаралар қосылған. Жүргізушінің айтуынша, көлікті басқарған кезде ол рөлде ұйықтап кеткен. Жол жүру ережелерін бұзғаны үшін Skoda Superb жүргізушісі ҚР ӘҚБтК 610-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. 

Сондай-ақ Павлодар облысының ПД қызметтік автокөлік бойынша материалдық залалды өтеу үшін сотқа жүгінуге ниетті.

-->

11 мамыр күні Омбы-Майқапшағай автожолының 559 шақырымында Аққулы ауданы Шарбақты ауылының маңында такси жүргізушісі Skoda Superb автокөлігінде қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай, Skoda Rapid патрульдік автокөлігімен соқтығысты.

Жол апаты салдарынан Skoda Superb автокөлігінің жолаушылары: Өскемен қаласының 26 жастағы тұрғыны, Абай облысының 21 жастағы тұрғыны және 2013 жылы туған кәмелетке толмаған астаналық медициналық көмекке жүгінді, - делінген хабарламада. 