TAKORP қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары салымшылардың қаражатына пәтер сатып алған
2024 жылдың наурыз және қыркүйек айлары аралығында күдіктілер TAKORP қаржы пирамидасын басқарғаны анықталды, ол АҚШ-тағы жарнамалық қосымшалар платформасы ретінде қызмет еткен, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Қатысушыларды тіркеу үшін электрондық криптобиржа - «ОКХ» арқылы криптовалюта сатып алуды ұсынған.
Негізгі шарттардың бірі кемінде 5 жаңа салымшы тарту қажет болған. Бұл шартты орындау арқылы құнды сыйлық ұтып алу мүмкіндігіне кепілдік берілген.
«50-ден астам азамат осы уәделерге сеніп, 30-дан 500 АҚШ долларына дейін ақша салып, өз деңгейіне қарай 2 мың АҚШ долларына дейін бонустар алуға үміттенген.
Қылмыстық кірістің жалпы сомасы 50 млн теңгеден асты.
Күдіктілер салымшылардың ақша қаражатына Павлодар қаласында 10 млн теңгеге пәтер сатып алып, банктерде 8 млн теңге сомасына 4 депозит ашқан.
Сот санкциясымен жылжымайтын мүлік пен ақша қаражаттарына тыйым салынды», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ күдіктілерге қатысты «үйқамақ» және «елден кетпеу туралы қолхат» түрінде шара қабылданған.