Оқиға

ҚТЖ-ның еншілес компаниясы 742 адамға заңсыз сыйақы аударған

Көлік прокурорлары «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің филиалдарында қаржыландыруға жатпайтын  адамдарға сыйақылар мен төлемдерді заңсыз есептеу дәйектерін анықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Анықталған дерек бойынша 742 адамға 10 млн теңгеден астам сомаға заңсыз ақша аударылған. 

Бұл туралы Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай мәлімдеді. 

Оның айтуынша кәсіпорынның Ақмола филиалы өмірден жеті жыл бұрын өткен зейнеткер атына ақшалай қаражат аударып отырған.

Қазіргі кезде заңсыз төлемдерді қайтару бойынша шаралар қабылдануда. 

Сонымен қатар, аудиторлық тексерулер тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Айта кетейік, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорны болып табылады. 

-->

Бұдан бөлек, Қарағандыда кадр бөлімінің басшысы ата-анасын теміржолшы зейнеткері ретінде заңсыз тізімге қосып, оларға бес жыл бойы 1 млн теңгеден астам сомаға жеңілдіктер, өтемақы төлемдері мен сыйлықақыларды аударған, - деді Бас покуратураның ресми өкілі. 