ҚТЖ Астана вокзалында болған жағдайға қатысты түсініктеме берді
Ағымдағы жылдың 14 қаңтарында қолайсыз ауа райы салдарынан автомобиль жолдарының жабылуы мен екі пойыздың бір мезгілде келуі себебінен вокзалда жолаушылар ағыны едәуір өсті, деп хабарлады Elorda.info ҚТЖ баспасөз мәліметіне сілтеме жасап.
-->
Вокзал бойынша кезекшілер жолаушылар ағынын реттеу жөнінде шараларды қабылдады. Алайда жолаушылар тарапынан конкорстық өткелден өту кезектілігі мен қауіпсіздік техникасы сақталмады, бұл эскалаторда болудың қауіпті жағдайына әкелді. Жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін эскалатор дереу тоқтатылды. Қазіргі уақытта вокзал штаттық режимде жұмыс істейді, - делінді хабарламада.