Түркияда жол апатына ұшыраған қазақстандықтардың жағдайы белгілі болды
Сыртқы істер министрлігі Түркияда жол апатына ұшыраған қазақстандықтардың жағдайы туралы хабарлады, деп хабарлады Elorda.info.
Жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтардың жағдайын білу үшін қазақстандық консул дереу Аланияға аттанып, ондағы медицина мекемелерінде ем алып жатқан отандастарымызбен кездескен.
Еске салсақ, Түркияның Алания аумағында туристер мінген автобус қайғылы жол апатына ұшырап, арасында қазақстандықтар да зардап шеккен еді.
-->
30 шілде күні таңертең Аланияда Қазақстанның 12 азаматы мінген шағын автобус жол-көлік оқиғасына ұшырады. Түрік полициясынан алынған алдын-ала мәлімет бойынша, автобус жүргізушісі жоғары жылдамдықпен келе жатып жүк көлігін соққан. Соқтығысу салдарынан зардап шеккендер бар, олар шұғыл түрде жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді, - деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.
Жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтардың жағдайын білу үшін қазақстандық консул дереу Аланияға аттанып, ондағы медицина мекемелерінде ем алып жатқан отандастарымызбен кездескен.
Микроавтобуста болған 12 қазақстандықтың екеуі ауырлығы орташа жарақат алған. Оларға ота жасалып, барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Қалған 10 отандастың, оның ішінде 4 баланың жағдайы қанағаттанарлық, өміріне еш қауіп жоқ. Барлығының медициналық сақтандыруы бар. Анталиядағы қазақстандық дипломаттар біздің азаматтармен тұрақты байланыста және тиісті жұмыс жүргізуде, - делінген министрлік хабарламасында.
Еске салсақ, Түркияның Алания аумағында туристер мінген автобус қайғылы жол апатына ұшырап, арасында қазақстандықтар да зардап шеккен еді.