Оқиға

Түркиядағы ұшақ бортында әйелдер төбелесіп, ұшақ қонуға мәжбүр болған

Pegasus Airlines әуе компаниясының Астана-Анталья бағытындағы рейсі шұғыл түрде Эрзурум қаласына қонуға мәжбүр болды, деп хабарлады Elordainfo.kz TRTHaber порталыга сілтеме жасап.

Ұшақ бортында украиналық ерлі-зайыптылар мен Қазақстаннан келген екі әйел арасында жанжал туындаған. Жоғары дауыспен басталған сөз таласы төбелеске ұласқан. 

Оқиға салдарынан экипаж командирі ұшақты Түркияның Эрзурум қаласындағы әуежайға қондыру туралы шешім қабылдады.
Төбелеске қатысқан төрт адам ұшақтан түсіріліп, медициналық тексеруден өтті. Кейіннен олар қалалық полиция бөлімшесіне жеткізіліп, екі жақ бір-біріне шағым түсірген.