Оқиға

Түркияда іздеуде жүрген шетелдік азамат Алматыда ұсталды

Алматы қаласының халықаралық әуежайында желілік полиция бөлімінің қызметкерлері 67 интернет-алаяқтық фактісі бойынша Түркияда халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматты ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Күдікті 2018 жылы үй жануарларын сату туралы жалған интернет-жарнама арқылы жәбірленушілерді алдап, 67 адамның ақшасын иемденіп, Түркия елінде бой тасалаған.

Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында қамауда, - делінген хабарламада.