Түркістан облысында суға кеткен адамдарды іздестіру жалғасып жатыр
Түркістан облысы Отырар ауданында Сырдария өзенінің жағасына демалуға барған 11 адам суға батып кетті, деп хабарлады Elorda.info.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сүйенсек, қазіргі уақытта суға батқан 11 адамның 8-нің денесі судан шығарылды. Ал қалған 3 адамды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, олардың барлығы Көксарай ауылында тұратын бір әулеттің адамдары екені белгілі болды. Яғни, барлығы 4 ағайындының отбасы мүшелері. Олар тыйым салынған жерге суға түсуге барған.
-->Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сүйенсек, қазіргі уақытта суға батқан 11 адамның 8-нің денесі судан шығарылды. Ал қалған 3 адамды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Суға кеткен сегіз адамның алтауы кәмелет жасына толмағандар. Қалған үш адамды іздеу жалғасуда, олардың екеуі кәмелетке толмаған, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, олардың барлығы Көксарай ауылында тұратын бір әулеттің адамдары екені белгілі болды. Яғни, барлығы 4 ағайындының отбасы мүшелері. Олар тыйым салынған жерге суға түсуге барған.