Оқиға

Түркістан облысында көпқабатты үйде газ жарылып, бір адам зардап шекті

Оқиға Түркістан облысы, Шәуілдір ауылында болған. Апат салдарынан ғимарат ішінара құлап, бір адам жарақат алған.

Газдың жарылуына рұқсатсыз газға қосылу себеп болған. Осылайша бірнеше пәтерге айтарлықтай зақым келген.

Оқиға орнында төтеншеліктер жұмыс істеп, мамандар газ желілерінің жағдайын тексеріп жатыр. Ал тұрғын үйлер орналасқан ауданда газ қызметі уақытша тоқтатылды.