Түркістан облысында дене шынықтыру сабағында жарақат алған оқушы көз жұмды
Түркістан облысы Шардара ауданындағы мектептердің бірінде дене шынықтыру сабағына келіп, жаттығу жасаған оқушы көз жұмды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Бұл ақпаратты редакциямызға Түркістан облысының Білім беру басқармасы растады. Қазір бала өліміне қатысты тергеу басталған.
«Баланың өліміне қатысты оқиға білім басқармасының бақылауында. Алдын ала мәлімет бойынша, дене шынықтыру сабағында бала жаттығу жасап жатып, құлап түскен. Мұғалім мен мектептің медбикесі баланы тез арада Шардара ауданының ауруханасына апарған. Алайда, операция кезінде бала жан тапсырды», - деп хабарлайды білім басқармасы.
Қазір баланың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған.