Құтқарушылар жатақханаларда рейдтер жүргізді
«Жатақхана» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Ақмола облысында ТЖД, полиция, ЖАО, еріктілер бірлескен 120-дан астам адамнан тұратын 20 мобильді топ құрылды, деп хабарлады Elorda.info.
-->
Рейдтер барысында электр сымдарының, электр жылыту құрылғыларының, сондай-ақ эвакуациялау жолдарының жай-күйіне ерекше назар аударылды, олардың қорытындысы бойынша 100-ден астам қауіпсіздік ережелерін бұзу фактілері анықталды, - деп жазылған ведомство хабарламасында.