Степногорск жылу электр орталығындағы апаттан бір адам қаза тапты
Степногорск қаласындағы жылу электр орталығында монтаждау жұмыстары кезінде бір жұмысшы қаза тауып, үшеуі жарақат алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жазатайым оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Қазіргі уақытта тергеу органдары қайғылы оқиғаның барлық мән-жайларын және оған алып келген себептерді анықтауға бағытталған тергеу жүргізуде. Тергеп-тексеру қорытындылары бойынша лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі және түпкілікті процестік шешім қабылданады»,- делінген хабарламада.