Оқиға

Сталкинг қылмыс деп танылды: Заң бұзғандарға айыппұл мен қамау жазасы қарастырылады

Ішкі істер министрлігі 16 қыркүйектен бастап сталкинг үшін қылмыстық жаза қолданылатынын хабарлады, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Заңға енгізілген түзетулерге сәйкес, зорлық-зомбылық болмаса да, адамның психологиялық жағдайына елеулі зиян тигізетін әрекеттер сталкинг деп танылады. Оған:

адамның жеке шекарасын бұзу;
еркінен тыс ізіне түсу;
қайта-қайта қоңырау шалу;
интернет арқылы бақылап, қорқыныш немесе алаңдаушылық туғызу жатады.

Мұндай әрекеттер үшін:

200 АЕК-ке дейін айыппұл (2025 жылы 786 400 теңге);
200 сағатқа дейін қоғамдық немесе түзеу жұмыстары;
50 тәулікке дейін қамау жазасы қарастырылған.

Сонымен қатар Қылмыстық кодекске жаңа 125-1-бап – «Некеге мәжбүрлеу» енгізіліп, ол да қылмыстық құқықбұзушылық ретінде белгіленді.