Сорбұлақтағы тікұшақ апаты: Екінші адамның мәйіті табылды
EC-145 тікұшағы құлаған аймақта іздестіру-құтқару іс-шаралары кезінде екінші адамның денесі табылып, судан шығарылды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қазіргі уақытта құзыретті органдардың қатысуымен анықтау рәсімі жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 25 шілдеде Алматы облысында EC-145 әскери тікұшағы жоғалып кеткен еді. Іздестіру-құтқару іс-шаралары әлі жалғасуда.