«Сол күні ғана көрдім»: айыпталушы Дархан Әскентай басқа айыпталушыларды танымайтынын айтты
Бүгін Шерзат Полаттың өліміне қатысты айыптау жөніндегі іс бойынша кезекті сот отырысы басталды. Сот сотталушылардан жауап алуды жалғастырып жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Айыпталушы Дархан Әскентай өз жауабында іске қатысы бар өзге айыпталушыларды танымайтынын айтты.
«Ол уақытта дүкенге адамдар кіріп-шығып жүрді. Олардың әрекеттерін байқаған жоқпын. Балалар келді, сөйлестік, сосын аяқ асты төбелес басталып кетті. Ешкімнің әрекеттерін айта алмаймын. Өйткені мен олармен осы іске дейін таныс болмадым. Оларды сол күні ғана көрдім»,- деді Дархан Әскентай.