Шымкентте полиция бастығы парамен ұсталды
Шымкент қалалық көші-қон полициясы басқармасының бастығы ақшалай паар алды деген күдікке ілінді, деп хабарлады Elorda.info POLISIA.KZ телеграмм каналына сілтеме жасап.
Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық мән-жай сотқа дейінгі тергеу барысында анықталатын болады.
-->
Бүгін ҰҚКД және Шымкент қаласы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері бірлескен жедел іс-шаралар нәтижесінде еңбек демалысында жүрген көші-қон полициясы басқармасының бастығы ұсталды. Ол 1000 доллар көлемінде ақшалай сыйақы алды деген күдікке ілінді,- делінген полиция таратқан мәліметте.
Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық мән-жай сотқа дейінгі тергеу барысында анықталатын болады.