Шымкентте есірткі плантациясы жойылды
Шымкент тұрғыны есірткі плантациясын көкөністер арасында жасырған. Аталған жайтты полицейлер «Қарасора – 2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында пилотсыз ұшу аппаратының көмегімен анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қаланың шетінде орналасқан егістік алқабында көкөністердің арасынан жалпы салмағы 127 келіні құрайтын 52 түп сора өсімдігі мен марихуана табылып, тәркіленді.
«Анықталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізілуде», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, полиция есірткі құралдарының заңсыз айналымын анықтау және жолын кесуге бағытталған жұмысты қарқынды жалғастыруда.