Оқиға

Шымбұлақтағы аспалы жол тоқтап қалды (ВИДЕО)

Бүгін теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте орналасқан «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында «Комби-2» аспалы жолы тоқтап қалды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

ТЖМ мәліметінше, құтқарушылар кабинада қалған адамдарды альпинистік құрал-жабдықпен төменге түсірді.

«Алматы қаласы ТЖД құтқарушылары, ТЖМ РЖҚЖ және курорттың қызметкерлері шұғыл түрде кабинада қалған 20 адамды альпинистік құрал-жабдықпен түсіріп, Талғар асуында қалған шамамен 100 қонақты қауіпсіз жерге эвакуациялады»,- делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ. Аспалы жол уақытша жұмыс істемейді. Оны қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.