Оқиға

Шерзат Полаттың өліміне қатысты тоғыз сотталушының арасында бір мектеп оқушысы бар

Бүгін Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша басты сот талқылауы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Судья сотталушылардың әрқайсысынан өзін таныстырып шығуды сұрады.

Белгілі болғандай, сотталушылардың бірқатары бұрын сотталған болып шықты.

Тоғыз айыпталушылар арасында орта мектептің оқушысы да бар.

17 жастағы сотталушы Алматы облысы Талғар ауданында орта мектепте 11-сыныпта оқитынын айтты.

Айта кетейік, Шерзат Полаттың өліміне қатысты басты айыпталушының бірі - Шынасыл Абзал.