Шерзат Полаттың ісі: сотталғандар апелляциялық шағым түсірді
Бұл туралы жәбірленуші тараптың өкілі Мейірман Шекеев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«21 маусымда үкім шықты. Сотталушылар қолына үкімді алғаннан бастап, шағым түсіруге 15 тәулік мерзімі бар. Қазіргі таңда сотталғандар мен олардың қорғаушыларынан апелляциялық шағым түсті. Шыңғыс Белғожаев пен Думан Ысқақтан басқа сотталғандардың басқасы шағым түсірген. Алдағы уақытта біз сот отырысының қай күнге қойылғанын хабардар етеміз», - деді Мейірман Шекеев.