Оқиға

Шерзат ісі: Айыпталушының қорғаушысы судьяға қарсы шағым түсірді

Бүгін Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша кезекті сот отырысында айыпталушы Абзал Шынасылдың қорғаушысы төрағалық етуші судья Ержан Жанұзақовқа қарсы шағым түсірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Қылмыстық-процестік кодексінің 87-бабының 11-бөлігіне сәйкес істі жалғыз қарайтын судьяға қарсы шағымды сот төрағасы немесе соттың басқа судьясы шешеді. Заңның осы нормасын негізге ала отырып, шағымды сол соттың судьясы А.А.Беймбетов қарайды»,- делінген хабарламада.

Әзірге сот процесінің нақты басталу уақыты белгісіз.