Оқиға

Шерзат ісі: Айыпталушылардың көлікте сөйлескен әңгімелері оқылды

Бүгін Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша кезекті сот отырысында оқиға болған түні айыпталушылардың көлікте отырғанда сөйлескен сөздерінің аудиосы оқылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Көлікте айыптаушылар Абзал Шынасыл, Равиль Сакиев, Нұрқияс Ілиясов пен куәгерлер Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелді болған. 

Олар көлікте алдымен оқиға туралы талқылайды. 

Әңгіме барысында айыпталушы Абзал Шынасыл полициядан қорықпайтынын жеткізген. Тіпті әлдебір полиция қызметкеріне дәл қазір хабарласа алмайтынын айтты. 

 «Мен полициядан қорықпаймын. Бұл кәдімгі қарапайым полиция ғой», - дейді Абзал Шынасыл.