Шахтадағы апат: Бас прокуратура сотқа дейінгі тергеуді бастады
Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтадағы өрт фактісі бойынша тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлады Elorda.info ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жергілікті жерде тергеу жұмысын Бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев пен Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев үйлестіруде.
-->
Өткен түнде Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтадағы өрт фактісі бойынша тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (Қылмыстық кодекстің 277-бабының 3-бөлігі).
Арнайы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды, оның құрамына құқық қорғау органдарының неғұрлым тәжірибелі қызметкерлері мен ТЖМ мамандары енгізілді, – деп жазды бақылаушы органнан.
Жергілікті жерде тергеу жұмысын Бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев пен Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев үйлестіруде.