ШҚО-да жер сілкінісі тіркелді
Қазақстанның шығысында бүгін жер сілкінісі тіркелді. «Сейсмологиялык зерттеу институтының» мәліметі бойынша жер сілкінісі 25 мамырда Астана уақытымен 07 сағат 35 минутта тіркелген, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Жер сілкінісінің ошағы Ресей шекарасында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 1162 километр жерде орналасқан. Өскемен қаласында 2 балл, Қатон-Қарағай ауданында 2 балл сезілген. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ», - делінген хабарламада.