Оқиға

ШҚО-да Шекара қызметінің әскери қызметшісі суицид жасады

Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қаза тапты. Бұл туралы Elordainfo.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша ол суицид жасаған.

«Полиция органдары Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», - деді ҰҚК баспасөз қызметі.